Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 152 жыл

Лицей жаңалықтары

Қазақтың ұлы ағартушысы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 152 жыл толды. Ол өзінің барлық білімін, күші мен өмірін Қазақстанның тәуелсіздігі үшін, өз халқының рухани жаңаруы мен қазақ тілінің дамуы үшін күреске арнады. Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы шынымен сарқылмайды. Тілдерді дамыту апталығы аясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуатбек Нұрбақыт Орынбасарұлы 7-8 сынып оқушыларына ұлы ағартушының өмірі, оның қазақ лингвистикасы мен жазуының қалыптасуы мен дамуына қосқан баға жетпес үлесі туралы презентация ұсыныды.

Добавить комментарий