2025 жылғы 16 қаңтарда «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жас ақындар сайысы) бағытында I орын – 11-сынып оқушысы Даулетқан Айсұлтан (Жетекшісі: Қуатбек Н.О.);
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу) бағытында ІІІ орын – 10-сынып оқушысы Мүбәрак Сенім (Жетекшісі: Аденова Б.О.);
«Көңілім әнді ұғады» (Абай және Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау) бағытында ІІІ орын – 8-сынып оқушысы Балтабек Арайлым (Жетекшісі: Калтаева А.А.).
Барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз!
Даулетқан Айсұлтанға республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!
