Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сай 2024 жылғы 3-4 қазан күндері «Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты олимпиада өткізілді.
Ережеге сай Олимпиадаға ұлты қазақ емес 5-10 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша лицей оқушылары: Абдикадиров Розтай, Конрад Татьяна, Портнова Виктория, Яцкевич Юля, Мокина Дарья жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жетекшілерін (А.А.Аманжолова, Б.О.Аденова) шын жүректен құттықтай отыра, сәттілік, толағай табыс тілейміз! Жеңісті күндер көп болсын! ОМЛИОД, алға!
