2024 жылғы 9 қазанда оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, оқушыларды Павлодар облысының экологиялық проблемаларына тарту мақсатында «Облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей интернаты» КММ базасында «Ертіс Дарыны» РҒТО «Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсы ұйымдастырылып, өткізілді. Лицейден үш бағыт бойынша үш репортаж әзірленді.
«Еліміздегі және менің елді мекенімдегі табиғатты қорғау» бағытында «Қала көркін қөғалдандыру» тақырыбында Бейсенбек Жалғас, Қалқаман Ильнара, «Біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» бағытында «Павлодар облысының ескі ағаштары» тақырыбымен Манарбек Әзиза, Смағұлова Әлима 3 дәрежелі диплом иегері атанды, «Менің экологиялық жобаларға қатысуым» бағытында Жұманғалиева Ясмин «Таңертең тұрып, жуынып, өзінді және планетаны тәртіпке келтір» репортажында «Кішкентай ханзада» туындысы негізінде күн сайын және баршаға қоршаған ортаның тазалығына уақыт бөлуге шақырды.
Жарайсыңдар, балалар! Сіздер өзіңіздің экологиялық санаңызды көпшілікке жеткізіп, біздің Павлодар таза және әдемі экоқалалардың бірі болатынына сенімдіміз!
