«Өз ойыны» зияткерлік ойыны

Лицей жаңалықтары

16 қыркүйекте Тілдерді дамыту айлығы аясында «Өз ойыны» зияткерлік ойыны өткізілді. Оқу жылының басталуына қарамастан, оқушылар ойынға үлкен қызығушылықпен қатысты. 6 қатысушыдан 2 команда құрылды. Осылайша бізде «Жеңімпаздар» және «Лириктер» командасы пайда болды. Қарапайым да, күрделі сұрақтар дайындалды, бірақ біздің оқушылар барлық сауалдарды орындап шықты. Шығармашылық тапсырмаларды орындау қиынырақ болғанына қарамастан, оқушылар ойланып, барлық сұрақтарға жауап берді. Әр дұрыс жауап үшін жүргізуші ойын валютасын табыстады. Ойын соңында «Жеңімпаздар» командасы аз ғана айырмашылықпен жеңіске жетті.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенді болды, ой жүгіртті және зияткерлік ойыннан өте жағымды әсерде болды.

#біртұтас_тәрбие_pvl

Добавить комментарий