2024 жылғы 19 қыркүйекте лицей базасында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Махамбет оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.
Байқау келесі 5 бағыт бойынша өтті.
1. «Ұлы арман» — Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
2. «Ел құтқарар ер едім» — Махамбет шығармаларын жатқа оқу.
3. «Шашақты найза, шалқар күй» — Махамбет күйлерін орындау.
4. «Тартынбай сөйлер асылмын» — жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу.
5. «Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер» — «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
Байқау қорытындысы бойынша «Ұлы арман», «Тартынбай сөйлер асылмын» бағыттарында лицейіміздің 11 «Ә» сынып оқушылары Даулетқан Айсұлтан ІІ дәрежелі, Алдажар Әнел ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі: Қуатбек Нұрбақыт Орынбасарұлы.
Жүлдегер әрі жас түлектерімізге алғыс айтып, келешек өмірлеріне сәттілік, ақ жол тілейміз! Қанаттарың талмасын, самға, жас түлек!
