Лицейдегі буккроссингті насихаттау — өзің оқыдың – басқаға бер!

Лицей жаңалықтары
Біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне «Буккроссинг» акциясына қатысуға шақырамыз. Мәнісі сол, кітап өзінің жаңа оқырманын табу үшін, адам оқып болғаннан кейін оны қоғамдық жерге тастайды. Осылайша кітап сөреде бекер тұрмайды. Ол «өмір сүреді» және кеңістікте «жылжиды». Буккроссинг үдерісі «өзің оқыдың – басқаға бер» принципке негізделген қарапайым әрекеттен тұрады.


Мектепте кітаппен ауысу орны: кітапхана.
Сіз:
— үйде шаң басып жатқан кітаппен бөлісе аласыз;
— ұнатқан кітабыңызды таңдай аласыз;
— кітапты қайта тапсыра аласыз;
— кітап туралы пікір қалдыра аласыз.
Толық ақпарат үшін біздің мектептің кітапханасына жүгіне аласыз

Добавить комментарий