IX облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

Лицей жаңалықтары

Тоғызыншы рет жасөспірімдер арасында олимпиада Павлодар облысының барлық мектептерінен ең дарынды, талантты оқушыларды жинайды. Олимпиада жаратылыстану-гуманитарлық цикл пәндері бойынша өткізіледі.
Биыл олимпиада қашықтық форматта өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша, лицейіміздің 8 оқушысы жоғары нәтижелер көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломдармен – 4 оқушы (математика, география), ІІІ дәрежелі дипломдармен – 4 оқушы (биология, физика, химия) марапатталды, сондай-ақ Қ.Сәтпаев атындағы Халықаралық олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Жеңімпаздар мен педагогтарды құттықтаймыз!

Добавить комментарий