Күзгі каникул кезінде, балалардың бос уақытын қамту мақсатында, сондай-ақ Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары арасында шахмат спортын насихаттау шеңберінде шахматтан гроссмейстер Елена Анкудинова және шахматтан ҚР жасөспірімдер құрамасының мүшесі Тамерлан Бектұровпен онлайн-кездесу өткізілді.
Елена Анудинова мен Тамерлан Бектұров лицей шахматшыларымен өз күштеріне қалай сену керектігі туралы кеңестерімен бөлісті, қарсыласын жеңу үшін күресте қолданылатын бірнеше тиімді психологиялық әдістерді атады.
Лицей оқушылары қонақтарға кездесу үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта тек жеңістерге жетуге уәде берді.