«Жылдың үздік психологы» ΙΧ Республикалық конкурстың қорытындысы. Лицейдың педагог-психологы Республикадағы үздік үштіке

Лицей жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 4-11 қарашасы аралығында қашықтық режимінде «Жылдың үздік психологі» IX республикалық конкурсының қорытынды кезеңін өткізді.
Павлодар облысынан 6 педагогтің жұмыстары қорғау кезеңіне жіберілді. Конкурстың қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша үздік жобалар анықталды.
Облыстық көп салалы дарынды балалрға арналған лицей-интернатының педагог-психологы Кусаинова Айымгуль III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздардың жұмыстары «Дарын» РҒПО сайтына жарияланады.

Добавить комментарий