2020 жылдың 10 қазанында лицей шахматшылар командасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында шахматтан «Белая ладья» облыстық онлайн-турниріне қатысты. Команда құрамына 7-9 сынып оқушылары кірді: Абросимов Станислав, Абдрахманов Әлихан, Сулейменова Самина, Ержан Айгүл, Аубакиров Жасұлан, Асылхан Абылай, Исаин Бексұлтан, Манарбек Гульсана. Турнир қорытындысы бойынша команда 2 командалық жүлделі орынға ие болды. Турнир қатысушылары мен оларды дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз!