ХАБАРЛАНДЫРУ


2023-2024 оқу жылының 7-сыныптарына қабылдау емтихандарының нәтижелері


В рамках реализации инновационного проекта сотрудниками лицея при поддержке Инновационного центра развития образования Павлодарской области состоялся конкурс «Лучшие STEAM-уроки».
Из числа 34 конкурсных разработок в финал были отобраны 16 работ. По решению жюри, состоящих из преподавателей региональных ВУЗов и сертифицированных STEAM — тренеров, победителем конкурса признана учитель биологии КГУ СОШ 11 — Жылкайдарова Ш.С.
Призерами конкурса стали учитель химии и биологии СОШ им.А.Баймулдино района Аққулы — Кокишева А.Е. (2 место) и учитель географии Потанинской СОШ района Аққулы — Жусупова Р.С. (3 место)

Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы №350 бұйрығының 18-1 тармығына сәйкес 6 орынға квотаның бекітілуіне байланысты 7-сыныптарға қосымша әлеуметтік топтардан шыққан балалар арасында қабылдау жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі 23 тамызға дейін мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты адамына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйының мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері*.

  • Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар:
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
  • ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
  • мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • отбасыларда тұратын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасылар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларының балалары.

Конкурс 2022 жылдың 24 тамызында оффлайн режимінде (тестілеу форматында) өтеді.
7-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
математика және логика – 55 сұрақ;
оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.
7-сыныпта тестілеуге бөлінген уақыт — 120 минут.

Үміткерлерді білім беру ұйымына қабылдау бос орындарға сәйкес (3 бос орын мемлекеттік тілде оқытылатын сынып, 3 бос орын орыс тілінде оқытылатын сынып) баллдардың ең көп санына қарай жүзеге асырылады.

Тіркелу сілтемесі:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScvSZ6RFDZUcXiT4ClSouHwcoAVN0gdcCR4yg7h0ecN7WC2Qg/viewform?usp=sf_link


15.08.2022

Бос орындарға түсу емтихандарының нәтижелері


Қабылдау емтиханының нәтижелері 2022

«Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты» ММ әкімшілігі сіздерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі N 355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» (бұдан әрі — қағидалар) 5-тармағын орындау үшін Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылатынын хабарлайды

Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен түскен ұсыныстар негізінде құрылады. Ереженің 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына:

  • жергілікті өкіл, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
    -жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері;
    -коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
    -осы білім беру ұйымындағы әрбір параллельден бір ата-ана немесе оқушылардың заңды өкілі; -меценаттар (бар болса).

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болу үшін «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты» ММ-не мына телефон арқылы хабарласу қажет: 686971, +7 707 650 9435.
Ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2022 жылдың 1 ақпанынан 14 ақпанына дейін.