Тегін тамақтандыруды ұсыну

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) нысан бойынша өтініш (әлеуметтік педагогте толтырылады)

2) ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (отбасының барлық балаларына) ;

4) некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

5) көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тұтынушыларына тиесілігін растайтын анықтама)

6) алған табысы туралы құжаттар (жалақысы туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент ,зейнетақы, жәрдемақы түріндегі табыстары туралы анықтама

7) отбасында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі

(Табыстар туралы анықтамалар ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап өтініш берген сәтке дейін, барлық аударымдармен айлар бойынша қол қойылып ұсынылады. Басшының мөрі, Күні, Қолы)

Тіркеуге қажетті құжаттар қалың қаріппен жазылған