Лицейдегі киім формасы

МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Құрметті ата-аналар! Мектепшілік тәртіп пен Қазақстан Республи- касы білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сай облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында бірыңғай мектеп формасының енгізілетінін естеріңізге саламыз.

Негізгі ережелер:

1. Бірыңғай үлгідегі мектеп формасы 01.09.2015 жылдан енгізілді.

2. Мектеп формасы күнделікті.

3. Мектеп формасының моделі классикалық стильде дайындалуда және 7-11 сынып оқушыларына бірдей болып саналады.

4. Қыз балаларға арналған мектеп формасы: тізеге дейін бүрмелі көл төр көзді шотланд матадан тігілген юбка, сұр түсті, ұзын жеңді кеудеше және жемпір, белгіленген үлгідегі ұзын немесе қысқа жеңді ақ түсті кофта, галстук. Ауыстырмалы аяқ киім.

5. Ер балаларға арналған форма: қара түсті шалбар, белгіленген үлгідегі сұр түсті кеудеше мен жемпір, ақ түсті ұзын немесе қысқа жеңді,галстук. Ауыстырмалы аяқ киім.